«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

ТЖД хабарлайды

ТЖД хабарлайды
Автор
ТЖД хабарлайды

Жарылыстың алдын алды

Жақында Тараз қаласындағы И.Пирогов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің ауласында гараж бен жазғы ас үйдің шатырынан өрт шықты.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жылдам әрі кәсіби түрде әрекет етті. Қызыл жалынды сөндіру кезінде 3 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылып, жарылыстың алды алынды. Өрт толықтай сөндірілді, зардап шеккендер болған жоқ. Өрттің шығу себебі мен келтірілген залал көлемі анықталуда.

Жаттығу – жауапты іс-шара

Еліміздің барлық өңірлерінде төтенше жағдайларды жою және адамдарды құтқару кезіндегі шұғыл қызметтермен өзара іс қимылдарды пысықтау мақсатында өрт тактикалық оқу-жаттығулары өтуде.

Жамбылдық өрт сөндірушілер Жуалы ауданының Б.Момышұлы ауылында орналасқан жанармай құю бекетінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізіп, онда автокөлік өртін сөндіру және зардап шеккен адамдарды эвакуациялау алгоритмі пысықталды. Өрт-тактикалық оқу жаттығулар құтқару қызметтерінің дайындық деңгейін, іс-қимылдардың үйлесімділігін және кез келген жағдайда жедел ден қоюға дайындығын көрсетті.

Ағылшын тілінен тест тапсырды

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ағылшын тілі бойынша тест тапсырды.

Өткен жылдың қыркүйегінен биылғы сәуір айына дейін облыстық департаменттің жоспарлау және жедел басқару орталығының қызметкерлері ағылшын тілінің грамматикасын меңгеріп, сөйлеу дағдыларын жетілдіру бойынша курсқа қатысты. Бұл курс шетел азаматтарына төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету қажеттілігі туындаған жағдайда тиімді қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Оқыту облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығының» мамандары тарапынан жүргізілді.

Қару қоймасындағы сабақ

Т. Рысқұлов ауданының төтенше жағдайлар бөлімі №10 өрт сөндіру бөлімшесімен бірге Луговой әскери гарнизондағы қару-жарақ сақтау қоймасында өрт-тактикалық сабақ өткізді.

Мұндай нысандар жоғары қауіп төндіретін объектілер қатарына жататындықтан, өрт кезінде жарылыс қаупі туындауы мүмкін. Қоймадағы шартты өртті сөндіру кезінде бөлімшелер жеке құрамның өрт кезінде дұрыс және үйлесімді әрекет етуін пысықтау, өрт сөндіру құралдарын пайдалану дағдысын жетілдіру, жарылыс қаупі бар аймақта әрекет ету ерекшеліктерін үйрету тәсілдерін қолданды. Мұндай жағдайда өрт қауіпсіздігі талаптарын естен шығармау, қару-жарақ қоймаларындағы өрттің салдары мен қауіптері туралы түсіндіру маңызды болмақ. Қоймада оқ-дәрі бар болған жағдайда, жарылыс қаупі жоғары. Сондықтан тактикалық сабақта өртті сөндіру кезінде оқ-дәрі сақталатын бөлік оқшауланып, жарылу қаупі бар аймақтан қару-жарақ пен оқ-дәрі шартты түрде қауіпсіз жерге барынша жылдам шығарылды.

Телефон пайдалану тәртібі қандай?

Төтенше жағдайлар кезінде тұрақты байланысты қамтамасыз ету мақсатында «Iridium спутниктік телефондарын пайдалану тәртібі» тақырыбында жеке құраммен жаттығу сабағы өткізілді.

Сабақтың мақсаты – байланыс жоқ жағдайда спутниктік телефондарды қолдану дағдыларын меңгеру, сондай-ақ оқшау және қол жетуі қиын аймақтарда әрекет етуге дайындықты арттыру. Сабақта Iridium спутниктік байланысының жұмыс ерекшеліктері, құрылғылардың техникалық сипаттамалары мен мүмкіндіктері, құрылғыны қосу, желіге тіркеу, қоңырау шалу және хабарлама жіберу тәртібі, тұрақты сигнал алу үшін орынды дұрыс таңдау қағидалары және құрылғы жадында телефон нөмірлерін сақтау ережелері қарастырылды. Мұндай дайындықтар төтенше жағдайлар, табиғи апаттар, техногендік апаттар мен басқа да тосын оқиғалар кезінде жедел әрекет ету мен ақпарат алмасуда маңызды рөл атқарады. Сондықтан қызметкерлердің біліктілігін арттыратын осындай оқу-жаттығулар жүйелі түрде жалғасын таппақ.

Бірлескен іс-қимыл пысықталды

Жақында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің Шу филиалында бірлескен оқу-жаттығу өтті.

Іс-шара барысында төтенше жағдайлар департаментінің, «Шатыркөл» апаттық-құтқару взводының және «AROS GROUP» мердігер ұйымының әкімшілік-тұрмыстық ғимаратында өрт болған жағдайда екі бөлімшенің құрамындағы «АСС Серіктес» ЖШС-нің мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметінің күштерімен бірлескен іс-қимылдар пысықталды. Бұл оқу-жаттығу өрт болған жағдайда іс қимылдарды және күштер мен құралдардың міндеттерді орындауға дайындық деңгейін жетілдіру мақсатында өткізілді.

Мамандар даярлықтан өтті

Азаматтық қорғау саласындағы біліктілікті арттыру аясында жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу курсы өткізілді.

Курстың мақсаты – азаматтық қорғаныс жүйесінің тиімділігін арттыру және төтенше жағдайлар кезінде үйлесімді әрекет ету дағдыларын дамыту. Оқу барысында қатысушылар азаматтық қорғау негіздерін насихаттау, оқу-жаттығу іс-шараларын ұйымдастыру, сондай-ақ эвакуациялық жинау және қабылдау бекеттерінің іс әрекеттері бойынша маңызды білім алды. Ерекше көңіл төтенше жағдайларда жедел және сауатты әрекет етуге қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыруға бөлінді. Мұндай курстар білім беру ұйымдарындағы балалар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын жауапты мамандарды даярлауда маңызды рөл атқарады.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

 

Ұқсас жаңалықтар