
Осы орайда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы, «Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын» сақтау мақсатында, автожанармай құю стансалары (АЖҚС) мынадай қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуі қажет екендігін хабарлайды.
Автожанармай құю стансаларында автоцистерналармен және шағын ыдыстарға құйылып жеткізілетін мұнай өнімдері тауар-көлік жүкқұжаты және резервуарда өлшенген көлемі бойынша қабылданады. Автокөлікке жанармай құю кезіндегі барлық операциялар жүргізушінің көзінше және көліктің қозғалтқышы сөндірілген кезде жүргізіледі. Қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған автомобильге жанармай құюға ауа температурасы төмен болып, сөндірілген қозғалтқышты іске қосу қиын болатын кезде ғана жол беріледі. Автоцистернаның мұнай өнімдері төгілген жерлерін жүргізушілер қозғалтқышты қосқанға дейін әбден құрғатып сүртеді.
Төгілген мұнай өнімдеріне құм себіледі, ал оларды сіңірген құм автожанармай стансасының аумағынан арнайы бөлінген жерлерге шығарылады. Жанармай құйылатын автокөлік пен оның артындағы автокөліктің арасындағы қашықтық кем дегенде 3 метр, ал кейінгі автомобильдер арасындағы қашықтық кем дегенде 1 метр болуы тиіс. АЖҚС аумағында автокөлік құралдары жиналып қалған кезде стансадан шығу жолдарының бос болуы және маневр жасау мүмкіндігінің болуы қадағаланады. Жанғыш немесе жарылыс қаупі бар жүк тиелген автомашиналарға жанармай құю АЖҚС аумағынан кем дегенде 25 метр қашықтықта орналасқан жабдықталған алаңда, стансада металл канистрлерге құйып алынған мұнай өнімдерімен немесе осындай мақсаттар үшін бөлінген АЖҚС көмегімен жүзеге асырылады.
Темекі тартуға және ашық от көзін пайдалануға, тез тұтанатын сұйықтықпен қол жууға, киім жууға және еден сүртуге, сондай-ақ жүргізушісі мас күйде болған көлікке жанармай құюға жол берілмейді. Автожанармай құю стансалары алаңында автомобиль жөндеу жұмысын жүргізуге, автокөлікке жанармай құю кезінде мұнай өнімдерін төгуге және асыра құюға және мұнай өнімдерін шыны ыдысқа құйып беруге тыйым салынады. Мұнай өнімдерін полимерлі материалдардан жасалған ыдысқа жіберуге ыдыста немесе оның паспортында оны мұнай өнімдерін сақтау үшін пайдалану мүмкіндігі туралы дайындаушы кәсіпорынның таңбасы болған кезде ғана жол берілетінін ескерген жөн.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді