Мерекелік іс-шара этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдары мен қолөнер шеберлерінің көрмесін және салт дәстүрлерінен қойылымдар тамашалаумен басталды. Көрмеде «Әулиеата» қазақ мәдени орталығы, татар мен башқұрт, немістер мен гректер қоғамы, күрдтердің «Барбанг» қауымдастығы, «Вынхуа» дүнген, «Хазар» әзербайжан, «Манас ата» қырғыз қоғамдық бірлестіктері, «Коре» корейлер қауымдастығы, М.Қашқари атындағы ұйғыр, қарашайлар мен балқарлардың «Архыз», «Ахыска» түрік этномәдени бірлестіктері, «Днепро» украин, «Щиват Цион» еврей, өзбек, қытай, тәжік, «Полонез» поляк тілі мен мәдениеті орталықтарының ұлттық тағамдары, этникалық киімдері, тұрмыстық бұйымдары қойылып, вокалдық өнері мен этникалық билері ұсынылды.
Сонымен қатар онда кір тасын көтеру, мас-рестлинг, армрестлинг, садақ, асық ату, ләңгі тебу және тағы басқа ұлттық спорт түрлері мен ойындары бойынша мерекелік жиынға қатысушылар арасында сайыстар ұйымдастырылды. Ал мерекелік іс-шараны облыс әкімі, аймақтық ҚХА төрағасы Ербол Қарашөкеев ашып, аймақ тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, ҚХА мүшелері мен ардагерлеріне, ҚХА этномәдени құрылымдарының өкілдеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдарын салтанатты жағдайда тапсырды.
Сондай ақ қоғам өміріне белсене араласып жүрген еңбек адамдарына облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары да қоса табысталды. Мерекелік іс-шара этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары, К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясы, Оқушылар сарайы және тағы басқа өнерпаздардың дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Тектілік дәулетпен емес дәстүрмен өлшенеді
- 6 желтоқсан, 2025
Жетістікке жету жолында еңбек етеміз
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




