Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірілген фильмдерді «Кинопоиск» платформасынан тамашалауға болады. Онда 17 фильмнен тұратын арнайы тақырыптық жинақ ұсынылған, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ұсынылған фильмдер қатарында «Патриоттар уақыты», «Каникулы off-line 2», «Дос-Мұқасан», «Қажымұкан», «SHULAMAH», «Ағайындылар», «Дала қасқыры» және басқа да маңызды тақырыптағы фильмдер бар. Алдағы уақытта бұл тізім жаңартылып отырады.
«Кинопоиск» – Қазақстандағы жетекші бейнесервис. Онлайн-кинотеатр ең табысты қазақстандық фильмдер мен мазмұнды сериалдарды ұсынады. Соңғы деректер бойынша, 2024 жылдың алғашқы жартысының өзінде қазақстандық контент 5 миллион сағаттан астам уақыт қаралған.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




