«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Дархан десе, дархан еді...

Дархан десе, дархан еді...
Автор
Талас ауданы, Ойық ауылының тұрғыны болған, аяулы досымыз Жолтай Дархан Төленбекұлының бақиға озғанына 1 жыл толыпты. Біз кеше ғана көзіміз жасқа толып, кенеттен бақилық болған қадірлі досты соңғы сапарға шығарып салған едік.

Дархан Төленбекұлы өзінің жібектей жайлы мінезімен, адал, елгезек қалпымен барша ауылға сыйлы азамат еді. Аса көп сөйлеп, көпшіліктің мазасын алмайтын. Есесіне қолынан келгенше жұртқа жақсылық жасауға ұмтылатын. Талайға қамқор болып, көңілінің шуағы мен жүрегінің жылуын көрсетті.

Анасы Маржан апаны, өзінің отбасын керемет құрметтеді. Асыл жары Аягөз екеуі төрт ұл-қыз тәрбиелеп, енді жеткізіп келе жатыр еді. Амал қанша? Ажалдың арсыз құрығы Дархан досымызды ортамыздан ерте алып кетті.

Бұл қаза оның отбасы, ағайын, туыс-жақындарынан бөлек сыныптас, қатарлас, замандас достарының да қабырғасына қатты батты. Дархан досымыз біздің жүрегімізде әрқашан сақталады. Қазақта «орнында бар оңалар» дейді.

Алла қаласа Дәурен басын құрап, ұрпағын жалғайды. Оның артынан Нұрдәулет пен Бекзаттың да жапырақ жаятынына сенеміз. Інжу қызымыз да жақсы қадамдарымен әулетін қуанта береді деп үміттенеміз.

Адал еді Дархан құрдас досқа анық,

Түсінеміз адам жанын кеш барып.

Алладан рахым, Жаннат төрін тілейміз,

Асыл досты сағынышпен еске алып.

 

Жылдар өтіп, барша көңіл жұбансын,

Оқытылған қабыл болсын Құран шын.

Дәурен,Бекзат, Нұрдәулет, Інжу есейіп,

Аягөз анасы қызық көрсін, қуансын!

 

Еске алушы: Барша құрдас, ауылдастарының атынан ақын, Мәдениет саласының үздігі Есет ДОСАЛЫ.

Ұқсас жаңалықтар