«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қазақстанда заңсыз алтын өңдеумен айналысқан 5 кен орыны анықталды

Қазақстанда заңсыз алтын өңдеумен айналысқан 5 кен орыны анықталды
ҚР Ішкі істер министрлігі
Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Бас прокуратураның үйлестіруімен Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында алтын құрамды материалдарды заңсыз өндіру және өңдеумен айналысқан бес кәсіпорынның қызметін тоқтатты, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Ішкі істер министрлігінің ресми мәліметінше, жүргізілген тінту шаралары барысында 6 700 тоннадан астам алтын құрамды кен, 300 тонна сұйық кен (пульпа), 120 тонна селитра, сондай-ақ жарылғыш заттар мен детонаторлар тәркіленген. 

Сонымен қатар оқиға орындарынан 45 бірлік арнайы техника алынды.Полицияға 62 адам, оның ішінде бірнеше ЖШС директорлары мен құрылтайшылары жеткізілді.​

- Тексеру барысында бұл компаниялардың тек геологиялық барлау жүргізуге лицензиялары бола тұра, арнайы техника мен өндірістік жабдықтарды пайдалана отырып, алтын құрамды кенді кең көлемде заңсыз өндіргені анықталды.​ Аталған заң бұзушылықтар бойынша құрамында бағалы металдар бар шикізаттың заңсыз айналымы фактілері бойынша бес қылмыстық іс тіркелді. Мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірілгені анықталды, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Ұқсас жаңалықтар