
– Мемлекеттің қолдауының арқасында осыдан тоғыз жыл бұрын ойға алған жобамызды жүзеге асырдық. Бұл жоба 2014 жылы «Үдемелі индустриалды инновациялық» жоспарына енген болатын. Бірінші кезекте біз фабрикаға қажетті инфрақұрылымды жүргіздік. Арасында АҚШ долларының өсуіне байланысты қосымша қаржы қаралды. Жобаның бірінші кезеңінде, Нидерланды технологиясы бойынша жылына 5000 тонна құс етін тереңдетіп өңдеу фабрикасының құрылысы жүргізілді. Екінші кезеңде қуаттылығын арттыру, жылына 8000 тоннаға жеткізу жобасы іске асырылды. Үшінші кезеңге қаралған жобаның құны 1420 миллион теңгені құрап, жылдық қуатын 12000 тоннаға жеткізу қарастырылды. Жүргізілген жоспарлы жұмыс нәтижесінде 2019 жылы жалпы құны 126,2 миллион теңгені құрайтын құс сою цехының қалдықтарын тереңдетіп өңдейтін ет-сүйек ұны цех құрылысы іске асырылды, – дейді ол.
Былтыр кәсіпкер жалпы құны 1420 миллион теңгені құрайтын, фабриканың өндірістік қуаттылығын 12000 тоннаға арттыру мақсатында 6 құс өсіру фабрикасының құрылыс жұмысын бастап кетіпті. Зауыт іске асырылған сәттен бастап өндіріс көлемі де жыл санап арттырылған.
Атап айтсақ, 2017 жылы 4200 тонна, 2018 жылы 4374 тонна тауық еті өндірілсе, 2019 жылы ол 5365 тоннаға жетіп, 350 тонна ет сүйек ұны өндірілген. Ал 2020 жылы 7075 тонна тауық еті, 345,09 тонна ет-сүйек ұны, 2021 жылы 7040 тонна тауық еті, 280 тонна ет-сүйек ұны, 2022 жылы 7040,36 тонна құс еті өндіріліп, ет-сүйек ұнының шығарылымы 307,38 тоннаны құраған. Алдыңғы жылы құс еті 5737,3 тоннаға жетсе, ет-сүйек ұны 274,83 тонна болған, ал былтыр 4860,21 тонна құс еті өндіріліп, 182,70 тонна ет-сүйек ұны шығарылған. Фабрика өнімдері отандық нарықтан бөлек, Қырғыз Республикасы мен Ресей нарығына өткеріліп отырған.
Мәселен, 2021-2022 жылдары Ресей нарығына шығарылып келсе, алдыңғы жылы Қырғыз Республикасына 463 тонна құс өнімдері, былтырғы жылдың 9 айында 240 тонна құс еті, 188 тонна ет-сүйек ұны экспортталған. «Әулие – Ата Феникс» ЖШС нің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қайрат Сейдибаевтың айтуынша, фабрика жұмысшыларының 80 пайызы кәсіподақ мүшелері.
«Бүгінгі күні құс фабрикасында 247 адам еңбек етуде. Ондағы орташа жалақы 214 мың теңгені құрайды. Еңбек адамдарының құқықтары Еңбек заңына сәйкес қорғалған», – дейді ол.
Фабриканың жұмыс процесімен танысқан Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Қайрат Айбосынов пен фракцияның құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Тимур Нұғманов, облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Бағлан Қарашолақов серіктестік жұмысына жоғары баға беріп, федерацияның наградалары мен Құрмет грамоталарын мекеме қызметкерлеріне тапсырды.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Байзақ ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекеттік бюджеттің кірісі ұлғайды – ведомство
- Бүгін, 09:12
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті
- 8 мамыр, 2025
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді