Жаңалықтар
Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады
- author «Ақ жол»
- 23 сәуір, 2025
- 1.1k
Өткен жылы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді.
– Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады, – делінген құттықтауда.
Айта кетейік, елімізде алғаш рет аталып өтіп жатқан атаулы күннің аясында апта басынан бері Жамбыл облысында бірқатар мәдени-көпшілік іс-шаралар легі өтуде.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




