Жаңалықтар
Облыс әкімі көзсіз ерлік танытқан тараздық оқушымен кездесті
- author «Ақ жол»
- 22 сәуір, 2025
- 1.4k
Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев жуырда "Ұлы Дала" шағынауданында орын алған көпқабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде батылдығымен көзге түсіп, оттың ортасында қалған тұрғындарды құтқаруға атсалысқан Қыдырәлі Қыздарбекті отбасымен бірге қабылдады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Кездесуде Ербол Шырақпайұлы сын сәтте ерлік көрсетіп, елдің ыстық ықыласына бөленген тараздық мектеп оқушысының адамгершілік пен табандылыққа негізделген бұл әрекеті – тек замандастарына ғана емес, тұтас қоғамға үлгі екенін айтты.
Облыс әкімі ержүрек ұлға, оған қолдау білдірген сыныптастарына және рухы биік перзент тәрбиелеп өсірген ата-анасы мен ұстаздарына жамбылдықтардың атынан алғыс айтып, болашағына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, өңір басшысы оқиға кезінде күш біріктіріп, азаматтық танытқан тұрғындар мен ТЖД қызметкерлеріне шынайы ризашылығын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Алты ауылда мыңнан астам жұмыс орны ашылған
- 11 ақпан, 2026
ЖИ мен адам арасындағы байланыс бәсеке емес, серіктестік
- 10 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




