«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2025 жылдың 1-ші тоқсанында атқарған іс-шаралар нәтижесі

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің  2025 жылдың 1-ші тоқсанында атқарған іс-шаралар нәтижесі
Ашық дереккөз
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес өткен мерзімінде тиісті жұмыстар жүргізілді.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде департаментпен 7 аудиторлық іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде: тізбеге сәйкес – 1, жоспардан тыс – 6, оның ішінде, Комитеттің тапсырмасы бойынша – 2, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша – 4.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 55 те жалпы сомасы 2 190,0 миллион теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: 1 027,4 миллион теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның 41,7 миллион теңгесі бюджетке өтелуге жатады (8,1 миллион теңге бюджетке өтелді, бұл 19,4 пайызды құрайды), қалпына келтіруге жататыны 546,6 миллион теңгесі (орындалған жұмыстар мен қызметтер есебінен қалпына келтірілгені – 546,6 миллион теңге, бұл 100 пайызды құрайды), 439,1 миллион теңгесі – бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар (яғні 100 пайызды құрайды).

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде 6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 4 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1,9 миллион теңге бюджетке толығымен өтелді.

Қаржылық бұзушылықтардың негізгі үлесі Комитеттің тапсырмасы бойынша – 562,4 миллион теңге, яғні 54,7 пайыз, мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі бойынша – 422,3 миллион теңге, бұл 41,1 пайыз, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша аудит жүргізу кезінде анықталды – 42,7 миллион теңгеге, яғни 4,2 пайызды құрайды.

 Айта кетсек, қаржылық бұзушылықтардың келесі түрлері анықталды, олар:

– бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылмаған бөлігін Үкімет резервінен қайтармау – 249,8 миллион теңгеге;

– орындалмаған жұмыстар, көрсетілмеген қызметтер және жеткізілмеген тауарлар үшін қаражатты төлеу – 336,0 миллион теңгеге;

– бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар – 439,1 миллион теңгеге;

– іссапар және басқа төлемдер бойынша бұзушылықтар – 2,5 миллион теңгеге анықталды.

Департаментпен, 6656 (лот) мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жүргізіліп, өндірілуге тиіс 6602, яғни 99 пайызды құрайды, оның ұйымдастырушылары мен тапсырыс берушілеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы 556 хабарлама жіберіліп, оның ішінде 542 орындалды, яғни 97,0 пайызға орындалды.

Камералдық бақылау негізінде бұзушылықтарды жою туралы жіберілген хабарламаларды уақытылы және тиісінше орындамағаны үшін, 8 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар жасалып, соттың қарауына жолданды.

 

Әмірхан БАЙМАҒАМБЕТОВ

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының м.а.

Ұқсас жаңалықтар