
Кеше осынау акция аясында облыс орталығындағы Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясында «Жасыл әлемді бірге құрайық!» атты экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, қала әкімі Бақытжан Орынбеков, білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбеков пен ұстаздар ұжымы және аталған мектептің 10-сынып оқушылары қатысты.
Сондай-ақ, ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде 8 мектеп онлайн қосылды. Шара барысында ең әуелі сөз алған аймақ басшысы Ербол Шырақпайұлы өскелең ұрпаққа табиғат пен қоршаған ортаны қор ғаудың жолдарын ұғындыру, олардың экологиялық сауатын ашу – үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана шешілетінін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінгі аға буын өкілдері табиғатты қорғауда, сақтауда және оны дұрыс пайдалануда ұрпақ пен тарих алдында жауапты.
– Жеткіншектерге экологиялық тәрбие мен білім беру – олардың дұрыс дүние тану көзқарасын қалыптастырады. Демек, біз қашанда табиғатты аялауға тиіспіз. «Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деп халық даналығында айтылғандай, табиғатты қорғау – біздің міндетіміз. Табиғат – болашақ ұрпаққа қалдырар байлығымыз. Сондықтан, табиғаттың жанашыры болу әр адамның қасиетті борышы екенін біліп жүрейік! – деді облыс әкімі.
Бұдан кейін 8-10-сыныптың оқушыларынан құралған бас-аяғы 200 бала бозарша, арша, шырша және қарағай тұқымдарынан жалпы саны бір мың дана дәнек екті. Соңында аймақ басшысы бұған дейін 7-10-сынып оқушыларының қатысуымен өткен «Мен Қазақстан экологиясын жақсартуға қандай үлес қосамын?» тақырыбындағы облыстық шығармалар конкурсының жеңімпаздарын марапаттады. Жалпы, бұл жарысқа барлығы 2 530 оқушы қатысқан. Оның ішінде 3 үздік шығарма иесі – Т.Рысқұлов ауданынан Нұрали Керімбек, Жуалы ауданынан Айдын Артықбай және Тараз қаласынан Заңғар Айтбай жеңімпаз атанды. Жас экологтарға «Jambyl Cement» компаниясы атынан велосипедтер табысталды.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді