Жамбылда медицина мәселелері жөнінде қоғамдық кеңес құрылды
- author «Ақ жол»
- 18 сәуір, 2025
- 1.6k
Кеңестің негізгі мақсаты – өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді саралап, нақты шешімдер қабылдау. Әсіресе медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, ана мен бала өлімін азайту, қаржылық және құқықтық тәртіпті күшейту сынды бағыттарға басымдық берілді.
Отырысқа құқық қорғау және бақылаушы органдар, денсаулық сақтау мекемелері, кәсіпкерлік өкілдері мен қоғамдық ұйымдар қатысты. Тараптар бірлесіп жұмыс істеудің тетіктерін, бақылау мен жауапкершілікті арттыру жолдарын талқылады.

Кеңесте екі негізгі мәселе қаралды. Біріншісі – медициналық ұйымдардағы қаржылық тәртіптің сақталуы мен қарыздардың туындау себептері. Екіншісі – емшара кабинеттеріндегі заңдылық пен қызмет көрсету сапасы.
Жиын барысында саладағы кемшіліктер ашық айтылып, оларды жою бағытында нақты ұсыныстар ұсынылды. Кеңес жұмысы алдағы уақытта да тұрақты жалғасып, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге бағытталмақ.
Ұқсас жаңалықтар
Көмірден электр энергиясын өндіру қолға алынбақ
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




