Премьер-министр Сарысу ауданында «Qazaq Soda» ЖШС кальцийленген сода шығаратын зауыт құрылысының барысын тексерді
- author «Ақ жол»
- 17 сәуір, 2025
- 1.4k
42 гектар алқапта бірінші кезеңде қуаттылығы жылына 500 мың тонна өнім өндіретін өндіріс кешені іске асырылып, кейіннен 1 млн тоннаға дейін ұлғайтылады. Жергілікті шикізат пайдаланылатын болады. Өндіріс үдерісінде қалдықтарды нөлдік деңгейде қамтамасыз ететін технологияларды қолдану жоспарлануда.
Кальцийленген сода металлургия, шыны, тамақ, тоқыма және химия өнеркәсібінде, сондай-ақ тұрмыстық химия өндірісінде қолданылады. Бүгінде еліміздің содаға деген қажеттілігі жылына 350-400 мың тоннаны құрайды. Жобаны жүзеге асыру импортты толық алмастыруды қамтамасыз етуге және ТМД елдері мен Қытайға экспортты бастауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары 30%-ға орындалды, негізгі жабдықтарды жеткізу жүзеге асырылуда. Зауытты пайдалануға беру 2026 жылдың тамыз айына жоспарланған. Жоба аясында 1 мың жұмыс орны, оның ішінде 400 тұрақты жұмыс орны ашылады. Инвестициялардың жалпы көлемі шамамен $400 млн-ды құрайды.

Премьер-министр Қазақстанды әлемдегі жетекші кальцийленген сода өндірушілердің қатарына қосатын, импортқа тәуелділікті төмендететін және еліміздің химия өнеркәсібін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатын жобаны уақтылы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Аталған жобаны жүзеге асыра отырып, еліміз Қытай, Түркия, АҚШ және Ресей сияқты әлемдегі жетекші сода өндірушілерінің қатарына қосылады.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




