Қызыққа толы жастық шақ бәрімізде болды. Өтті, кетті. Сан соғып қалғанымыз сол, кітап жинау жағын ескермеппіз. Өзім құрылысшы болсам да, әдеби кітаптарды оқығанды ұнатамын. Жеке тәжірибем бойынша жақсы кітап оқыған адамның жүйкесі қалыпқа түседі, шаршағаны басылады. Үйімде азын-аулақ жинаған кітаптарым баршылық. «Ақ жол» газетіндегі «Міне, менің қазынам...» тақырыбында жазылған мақаламен танысып, кітап десе ішкен асын жерге қоятын жастардың бар екеніне көзім жетті. Лайым қатарлары көбейе берсін. Абылай хан «білек сынға түскен заманда дес бермедік, білім сынға түсетін уақытта қалып қоймайық» деп ескерткен екен ғой. Елбасымыздың да айтқаны жастардың көкейінде: «Қазір бой жарыстыратын уақыт емес, ой жарыстыратын уақыт». Облыстық баспасөздің қара шаңырағы «Ақ жол» түрлі мәселе бойынша тақырыптарды көтеріп жатыр. Оқырман ретінде газет ұжымына шығармашылық табыстар тілеймін.
Кәрімжан Жайлаубеков, құрылысшы.
Жамбыл ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді