
Шығармашылығын жыр жазудан бастаған Сәуле Мағазбекқызы кейінгі ширек ғасырын прозаға бағыттапты. Жазушының «Өгей жүрек», «Қасірет пен тағдыр», «Үзілмеген үміт», «Ауылдан шыққан миллионер», «Үлкен үйдегі үрей» романдары оқырманға жол тартқан. Шығармалары оқырман тарапынан оң бағасын алған. Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Сәуле Досжан кітаптарының таныстырылымын өткізді.
Іс-шара барысында Тараз қаласындағы №23 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бақыткүл Керімбаева жазушының «Қасірет пен тағдыр», «Үзілмеген үміт» кітаптары туралы баяндаса, шәкірттері, аталған мектептің 8-сынып оқушылары – Мерей Нуритдин мен Данара Әтірәлі кеш иесінің «Қасірет пен тағдыр» романының оқиғасын кең баяндап, көпшілікке талдауға ұсынды. Романның «Әйел қырық шырақты» бөлімі туралы Д.Әтірәлі жан-жақты айтып берді.
Мұнан соң Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университеті ақпараттық кітапханалық орталығының әдіскері Айнұр Сәрсекеева, Тараз қаласы 3 мектеп-лицей мұғалімі Қаламқас Тұрлыбекова аталған романды кеңінен талдап, жазушы шеберлігіне тоқталды. Олар жастарды көркем әдеби кітап оқуға шақырды. Аталған кітапхананың жас кітапханашылары Сәуле Досжанның өлеңдерін жатқа оқыды. Жазушы бұл шығармаларын полигон қасіретін жетер жеріне жеткізіп, толғаныспен жазған. Сондықтан шығарма өте әсерлі, тартымды. Туынды туралы белгілі қаламгерлер ой толғап, пікір білдірген.
Жазушы Смағұл Елубай бұл туралы: «Семей полигоны және қазақтың қанына құйған мәңгілік қасіреті туралы, одан зардап шеккен тағдыр талайы туралы тебіренбей оқу мүмкін емес екен!» десе, Дидар Амантай: «Еркін сілтейді, шұрайлы тілді қастерлейді, жазуға енді жеткендей асығып, сағынып жазады» деп баға беріпті.
Жазушы кешінен оқырмандар үлкен әсер алғаны анық.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ерлік ертеңге аманат, елге мұра
- 15 мамыр, 2025
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді