Өздеріңізге мәлім, өткен жылы «Мемлекетке заңсыз алынған активтерді қайтару туралы» арнайы заң қабылданып, сол жылдың қыркүйек айынан бастап оның ережелері толық күшіне енді. Ал, 5 қазанда Президент Жарлығымен Бас прокуратура жанынан Мемлекетке активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылды. Жаңа заңды іске асыру үш негізгі құрылымға жүктелген.
Атап айтқанда, Премьер-Министрдің басшылығымен қайтару шаралары мен механизмдерін әзірлейді. Ал, комитет активтерді анықтап, тексеру және қайтарумен айналысады. Сонымен қатар, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады. Басқару компаниясы – қайтарылған активтерді сақтап, басқарып, арнайы қорға қаражат аударады.
Айта кетейік, есепті кезеңде 1 триллион теңге көлемінде активтер қайтарылып, 228 миллиард теңге арнайы қорға аударылса, 87 миллиард теңгеден астам активтер басқарушы компанияға берілді. Жалпы, қайтарылған активтер арасында ақшалай қаражат, элиталық жылжымайтын мүлік, акциялар, бағалы заттар және басқа да құнды мүліктер бар.
Былтыр қорға аударылған қаражаттан бірінші кезеңде облыс аумағында 7 477,5 миллион теңгеге 6 мектеп салу көзделді. Нақтылай түссек, Тараз қаласындағы Сүлейменов көшесі соңындағы 16 белгідегі 1200 орындық мектеп, ІТ лицей-интернат жапсарлас ғимарат, Арай массиві 600 орындық мектеп пен Қордай ауданы, Бәйтерек ауылындағы 150 орындық мектеп, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылындағы 300 орындық мектеп, сондай-ақ Шу ауданы, Төле би ауылындағы 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстары осынау қаражат есебінен жүргізілуде. Ал, осы жылы «Білім беру инфрақұрылым қолдау қоры» арқылы 4 мектептің құрылысына 4 873 миллион теңге қарастырылды.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Кез келген жағдайға дайын болу қажет
- 2 сәуір, 2026
Жұмыс орны көп пе, әлде жұмыссыз жүргендер көп пе?
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




