Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Нұрби Жігітековтың айтуынша, биыл республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының болжамына сәйкес 107,6 мың гектар алқапқа химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
– Биыл ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы күресу іс-шараларын сапалы және тиянақты атқару мақсатында аудан әкімдеріне хат жолданды. Соның ішінде үйірлі шегірткелерге қарсы штаб және химиялық өңдеу жұмыстары кезінде әр ауылдық округтерде жұмыс тобын құру, инспекция мамандарымен бірігіп жұмыс істеу керектігі ескертілді. Қазіргі таңда бар техника соңғы дайындықтан өтті. Биыл үйірлі шегірткелерге қарсы фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу үшін 36 бірлік арнайы бүріккіш техника жұмылдырылуы жоспарланып отыр, оның ішінде 2 ұшақ, 31 жерүсті бүріккіштер және 3 дрон бар. Ал пысықтау кезеңінде 31 арнайы техника, 2 ұшақтың дайындығы қаралып, Жамбыл мен Байзақ аудандарында залалсыздандыру жұмыстары басталып кетті. Жалпы, алдағы уақытта марокко шегірткесіне қарсы – 26,4 мың, итальяндық прусқа қарсы – 57,5 мың, азияттық шегірткеге қарсы 23,6 мың гектарға залалсыздандыру жүргізілетін болады, – дейді Нұрби Жігітеков.
Сонымен шегірткелердің ең көп таралуы байқалатын жерлерде жұмыстарды тиімді ұйымдастыру мақсатында жедел штабтар құрылған.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




