Түрлі алып-қашпа жаңалықтар жарық көріп, басылып жатқан қоғамда мойнымызды неге бұрарымызды білмей отыратынымыз шындық. Құрғақ ақпарат уақытты текке өлтірумен бірдей. Бүгінде әсіресе жастар уақыт «өлтіруге» келгенде алдына қара салмай тұр. Өз басым осыған қатты алаңдаймын. Сөйтіп жүргенде жақында облыстық «Ақ жол» газетінде «Міне, менің қазынам...» деген тақырыппен тілші мақаласы жарық көрді. Ойлы мақаланы оқып қуанып қалдым. Жеке кітап қорын жасақтау білімгердің оқу орны қабырғасында қалыптаса бастайтыны түсінікті. Ал диплом алып маман иесі атанған соң күйбең тіршіліктің шыж-быжынан бас көтере алмай ол үрдіс үзіліп жатады. Ол дегеніміз – білімгер төрт жылда қалыптаса бастаған бағытынан қол үзіп, қоңыр тұрмысқа сіңісті болды деген сөз. Алайда, мақала авторы Қанат Тілепберген талғамына қарай кітап жинауын тоқтатпаған екен. Ол кітаптарын бос уақытында рухани шөлін қандыратын бұлақ көзі санайды. Бұл – көп жастарға үлгі боларлық іс. Жақсы мақаланы оқырман да тұшына оқитыны анық. Бұл мақала көңіл пернесін дөп басты.
Гүлжаһан Тұрғанқызы, мұғалім.
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
2026 жылдан бастап не өзгереді?
- Бүгін, 01:54
16 жыл қатарынан «Үздік команда» атанып келеді
- Бүгін, 01:47
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




