Мәлік Отарбаев «Қазфосфат» кәсіпорны жұмысшыларымен кездесті
- author «Ақ жол»
- 16 сәуір, 2025
- 439

Жиынды жүргізген облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов химия өнеркәсібінің флагманы саналатын алпауыт кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерін, жаңашыл инновациялық тәсілдерін атап өтті.
Серік Жақсылықұлыны айтуынша, жалпы химия саласы өнімінің 20 пайыздан астамы Жамбыл жерінде өндіріледі.
Сондай-ақ, аталмыш кәсіпорынның жұмыс үдерісі мен алға қойған межелі мақсатттары туралы, жалпы «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында серіктестік тарапынан қатардағы мамандарға көрсетіліп жатқан қамқорлықтар жайлы зауыттың Кәсіподақ кеңесінің төрайымы Юлия Фролова кеңінен баяндады.
Келесі кезекте сөз алған «Қазфосфат» ЖШС Бас директорының кеңесшісі Батырбек Құлекеев Тараз қаласында жуырда ғана ашылған Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің құрылуына қомақты қаржылай қолдау білдірген осы зауыт екенін атап өтті.
Мұнымен қоса, Батырбек Әбдірасілұлы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында туындайтын ұлттық құндылықтар туралы да тұщымды сөз қозғап, ұтымды ұсыныс-пікірін ортаға салды.
Іс-шараның қорытынды сөзін Мемлекет басшысының сенімді өкілі Мәлік Нұржанұлы түйіндеді.
– Қай істің өнуіне үш шарт қажет болса, соның бірі – тәртіп. Тәртіп бар жерде кез келген жұмыс өнеді. Мемлекет басшысы Түркістанда болған үлкен жиында «Әділдік, сабақтастық және өрлеу» қағидатын баса айтты. Осы аталған үш қағидат біте қайнасса, еліміздің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші қашан да дами бермек. Дәл осы ұстаным күні кеше Бурабайда өткен VI құрылтайда да сөз болды, – деді Президент кеңесшісі.
Ұлттық құрылтайда айтылған басты бағыттардың бәріне кеңінен тоқталған ол, көпшілікті елдің татулығына, мызғымас бірлігіне сызат түсіруге күш салатын көлеңкелі топтардың айтағына ермеуге шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
Әп-әдемі саябақтың сәнін бұзып...
- 5 маусым, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді