Президент кеңесшісі жамбылдық тәртіп сақшыларымен жүздесті
- author «Ақ жол»
- 15 сәуір, 2025
- 1.0k
Келелі кездесуде Ұлттық құрылтайдың 4-ші отырысында мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды іске асыру жайы талқыға түсті.
– Биыл Бурабайда өткен басқосуда мемлекет басшысы біршама маңызды мәселелерді көтерді. Президент салық саясаты, денсаулық сақтау, өнер мен мәдениет саласынан бөлек, ұрпақ тәрибесіне ерекше екпін берді. «Адал азамат» бағдарламасы тәрбие жұмыстарының темірқазығына айналуы тиіс, - деді Мәлік Нұржанұлы
Сонымен қатар басқосуда сөз алған ішкі істер саласының ардагері Тұрдалы Шералин Мемлекет басшысы құрылтайда «Заң мен тәртіп – біздің мызғымас тұғырымыз» екенін тағы да еске салғанын, әсіресе, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейтуді міндеттегенін айтты.

Бұдан бөлек, ПД бастығының орынбасары баяндама жасап, өңірде заңсыздыққа қарсы күрес бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның сөзінше, соңғы жылдары облыста интернет арқылы алдап-арбау жиілеген. Нәтижесінде қылмыстың алдын алу бағытында аймақта кешенді шаралар іске асырылып жатыр.
Кездесуде сала ардагерлері мен полиция қызметкерлері патриоттық, әділеттік пен сабақтастық тақырыбында пікір алмасып, ой бөлісті.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




