Жиынға М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті, Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің профессор – оқытушылар құрамымен және студенттері қатысты.
Кездесуде сөз алған Мәлік Отарбаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Президент «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының қабылдануы - білім беру мен ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие жүйесінің бастамасы екеніне ерекше тоқталды.

Сонымен қатар, қоғамдық сананы дамыту, саналы ұрпақ тәрбиелеу, жастарды кітап оқуға ынталандыру бағытында ойларын ортаға салды.
Сондай-ақ Ұлттық құрылтай аясында елімізде іске асырылатын жоспарлар сөз болып, білім саласындағы тәрбие, жұмысшы мамандықтарды даярлауға қатысты мәселелер айтылды.
Келелі басқосуда студенттер мен оқытушылар президент кеңесшісіне сұрақтарын қойып, еркін форматта пікір алмасты.
Ұқсас жаңалықтар
Көмірден электр энергиясын өндіру қолға алынбақ
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




