Сеніменен бірге тұру Шыдау, көну тағдыр берген сынаққа.
Май тамызып тұру және үміт дейтін шыраққа.
Кетіп калғым келеді, Беймәлім бір жыраққа.
Байлаулы бас айналып,
Кете алмаймын бірақ та.
Кете алмаймын бірақ та.
Сеніменен бірге тұру
Бір тұрғандай бір бөлмеде марал менен арыстан.
Жүрегімде түрлі-түрлі сезімдер боп тоғысты ән.
Сеніменен бірге тұру Күту, күту зарығып,
Жесірлердің ерлерін күткеніндей соғыстан.
Сеніменен бірге тұру Жалғыздық та секілді,
Сағыныштың жаңбыры жиі жуып бетімді...
Кездерің ол – түсінбей, Сыздататын кейде бір,
Шексіз іңкәр сезімге толы жүрек жетімді.
Сеніменен бірге тұру Қағу мәңгі мазасыз сезімдердің қақпасын.
Қаншама іштен айтсам да осы азапты шаққа сын,
Осы менің шарқ ұрған сезімімді Тәңірім Жоғалтудан сақтасын!
Қайырбек АСАНОВ
ақын.
Ұқсас жаңалықтар
Тұлғалардың жолданымдары сапалы қаралуы қажет
- 31 наурыз, 2026
Байқаудың облыстық кезеңі аяқталды
- 31 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




