Өртке қауіпті кезеңге дайындық шеңберінде Төтенше жағдайлар министрлігі Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп «Өрт қауіпті маусымда орман және дала өрттерінің туындау тәуекелдерін азайту жөніндегі іс-шаралар» жоспарын әзірледі. Осыған орай өңірлердің өртке қауіпті кезеңнен қауіпсіз өтуіне бағытталған алдын алу іс-шаралары басталды. Алдағы күндері ауа температурасының жоғарылауы және құрғақ шөптердің көп мөлшері табиғи өрттердің пайда болуы мен таралу қаупін арттырады.
Сондықтан тұрғындар көктемгі сенбіліктерді өткізу, үй маңындағы аумақтарды, бақша және саяжай учаскелерін тазарту кезінде ерекше сақ болғандары жөн. Сөндірілмеген сіріңкелерді, темекі тұқылдарын, өздігінен жанатын заттарды тастауға болмайды. Сонымен қатар, балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері мен отпен ойнаудың қауіптілігі туралы айтып отырған дұрыс.
«Қауіпсіздік әркімнің жауапкершілігіне байланысты. Сақтық пен қырағылық – табиғат пен адамдардың өмірін қорғаудың кепілі», – делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің тұрғындарға арналған үндеуінде.
Осыған байланысты ТЖМ азаматтарды ашық отты пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады. Егер өрт белгілері анықталса, «101» немесе «112» нөмірлеріне хабарлау керек.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




