
– Облысқа жаңа инвесторларды тарту мақсатында отандық және шетелдік кәсіпкерлермен бүгінгі таңда 189,7 миллиард теңгені құрайтын 10 жоба іске қосылды. Бұл жобалар бойынша жол карталары бекітілді, мұнда палата верификатор болып табылады. Бүгінгі күні Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада палата тарапынан верификациядан өтіп, іске қосылған 3 жоба бар, – дейді палата директоры.
Атап өтерлігі, палата тарапынан атқарылған жұмыстардың қатарында жобалық құны 55,7 миллиард теңгелік «Корпорация Казақмыс» ЖШС-нің жаңа байыту фабрикасын салу, құны 2,8 миллиард теңге тұратын «KARATAU CHEMICALS» Қаратау қаласында натрий пиросульфитін өндіру жобалары бар.
Сондай-ақ жобалық құны 2 миллиард теңгені құрайтын «Көксай ресорт» Этно-туристік демалыс аймағын салу және құны 67,2 миллиард теңге болатын «Zhanashyr Project» ЖШС-нің «Жайсан» кен орнын өнеркәсіптік игеру жобалары да ашылған нысандар қатарында. Қалған 7 жобаның қабылдау актілері жергілікті атқарушы органдарда міндетті есепке алу сатысында, құрылыс және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органның мемлекеттік қала құрылысы кадастрында тіркелуде. Сондай-ақ, «Жасыл дәліз» механизміне бірнеше жоба енгізілген.
Палата директорының айтуынша, олардың қатарында жобалық құны 30 миллиард теңгені құрайтын «Talas Investment Company» ЖШС-нің натрий цианиді мен аммоний сульфаты өндірісін кеңейту жобасы бар. Бұл жоба биыл іске асырылады деп күтілуде. Келесі жүзеге асырылатын жоба құны 500 миллиард теңге тұратын «Еврохим-Каратау» ЖШС-нің Минералды тыңайтқыштар өндірісі. Мұны 2027 жылдың 31 желтоқсанында іске қосу жоспарланған. Сонымен «Жасыл дәліз» механизмі мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін жеделдетуге және жеңілдетуге, Инвестициялар тарту Кеңесіне міндетті түрде шығарып, сондай ақ «Kazakh Invest» мақсатты топтың толық қолдауымен жүзеге асырылатын жобаларға бағытталған.
– Өткен жылдың соңында облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен аймақтық инвестициялық штабтың бірінші отырысы өтіп, отырыс барысында 8 жоба қаралған болатын. Сондай ақ облыс прокуратурасымен бірлескен жұмыс нәтижесінде, 21 инвестордың, жалпы сомасы 594 миллиард теңгені құрайтын инвестициялық жобаларының мәселелері шешілді. Оның ішінде жалпы құны 320 миллиард теңгені құрайтын 5 шетелдік инвестор бар, – дейді Еркін Садуақасұлы.
Бұдан бөлек, өңірімізде «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында жылда көрме ұйымдастырылады, оған былтыр 100-ге жуық жеке кәсіпкер қатысқан. Жобаның мақсаты – өңірде өндірістік процесті жетілдіру, өнімді сертификаттау, маркетингтік қолдау көрсету. Оның бүгінгі күні 4 жеңімпазы анықталған.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Таразда ыстық су уақытша өшіріледі
- 12 сәуір, 2025
Күре жолдың бойын тазалауға күш саламыз
- 12 сәуір, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді