
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 587-бабына, Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 14-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға төлемақы мөлшерлемелері 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде негізделген жанама орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Аңшылық шаруашылығының қажеті үшін, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарда облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде дәрілік өсімдіктерді, қамыс пен саңырауқұлақтарды жинау және дайындау үшін төлемақы мөлшерлемелері 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
5. «Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту» Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы №24-9 шешімі (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылдың 13 шілдесінде №3909 болып тіркелген) және «Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 24-9 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі №38-14 шешімі (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 3 қазанда №4344 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облыстық мәслихатының агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді