
«Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау» құралы іске асырылған сәттен бастап облыс кәсіпкерлерінің жалпы құны 255,9 миллиард теңгені құрайтын 4700-ден астам жобасы қолдау тапқан. Оның ішінде 3200- ден астам жобаға «Даму» қорының кепілдігі беріліп, алынған несиенің жалпы сомасы 56,6 миллиард теңгені құраған. Қордан қаржылық қолдауды алған өндіріс орындарының бірі – «Достық и К» ЖШС.
Бұл компания нарықта 2004 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Өндіріс ошағы сыйымдылығы 1, 2 және 3 литрге дейінгі шыны банкілерді шығарумен айналысады. Аталған кәсіпорын 2020 жылы «Даму » қоры «Бизне стің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «субсидиялау және кепілдік беру» құралы арқылы процесті автоматтандыру үшін жабдықтар, сондай-ақ, өзге де құрал-жабдықтар сатып алу бойынша «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамы арқылы қаржыландырылған.
Несие сомасы 314 миллион теңгені құрады. Ал компания үшін несиенің мөлшерлемесі 6 пайызға айналды, кепілдік сомасы 132,7 миллион теңгені құраған еді. Серікте стіктің цех бастығы Есберген Еламановтың айтуынша, шыны банкілер шығаратын цехтың жұмыс бастағанына да алты жылға жуықтапты. Зауыттың өндірістік цехында шыны банкілері өндірісі жақсы жолға қойылған. Зауытта тәулігіне 70-80 мың шыны банкі шығарылады.
Яғни, банкінің 12 түрін шығаратын зауыт цехында 56 адам жұмыс істейді. Ондағы бір желі сыйымдылығы 0,5-тен 1 литрге дейінгі банкілерді шығаруға арналған. Екі жыл бұрын оның екінші желісі іске қосылып, екінші желіде сыйымдылығы 2 мен 3 литр аралығындағы банкілер шығарылуда.
– Зауыт банкілерді кең ассортиментте шығара алады. Жиынтықтар формаларының жеткілікті таңдауы бар. Өндірілетін өнім сапасы бойынша «Консервіленген тамақ өнімдеріне арналған шыны ыдыс» формасы мемлекеттік талаптың барлық стандартына сай келеді. Кәсіпорында шығарылатын өнімге Еуразиялық экономикалық одақ сәйкестігі туралы декларациясы бар. Бұл банкілерді Кеден одағы елдеріне өткізуге мүмкіндік береді, – дейді цех бастығы.
Зауыт ауласында әжептәуір шикізат қоры жиақталған. Цех басшысы Есберген Еламанов шыны балқытуға Арал құмын, Қаратаудың содасын, кварц құмы және барлық өңірден жинаған шыны ыдыстарының сынығын пайдаланатынын айтты. Кейбір маңызды қоспаларын Ресей мен Өзбекстан Республикасынан алдырады екен.
– Біз бір тәулікте 40 тонна шикізатты шыны сынықтарымен қосып балқытамыз. Күнделікті халық тұтынатын бөтелке құтысы, есік және терезе сынықтарын, айна мен басқа да шыны қалдықтарын қаланың түкпір-түкпірінен жинатамыз. Өзге облыс орталықтарынан жинатып, жүк көліктерімен тасымалдап аламыз. Осы арқылы табиғатқа, жасыл белдеу қалыптастыруға өз үлесімізді қосудамыз десек те болады. Біріншіден, қала көшелерінде, табиғат аясында шыны ыдыстары қалдығының азаюына себепші болсақ, екіншіден, оны қайта өңдеп, банкі жасап шығамыз. Алдымен шыны ыдыстарды арнайы тазалаудан өткізіп, құм мен соданы, басқа да қоспаларға араластыра отырып ұнтақтаудан өткіземіз. Одан кейін ол шикізат 1500 градустағы балқыту пешіне түсіп, 102 тонналық ваннада қайнап, балқып шығады, – дейді цех басшысы.
Сұйықтық цехтың екі желісі арқылы 0,5 грамнан 3 литр аралығындағы банкілер құймасына құйылып, ары қарай дайын өнімге айналу сәтін де көзбен көрдік.
«Цех жұмысы тоқтап қалмас үшін бір ай бұрын шикізат қорын дайындап аламыз. Құмнан бөлек, бөтелке, шиша қалдықтары республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналып, осында жеткізіледі. Қор жинақтау мәселесі шешімін тапқан», – деді ол.
Дайын өнім Қырғыз және Өзбекстан Республикаларына экспортталуда. Ал зауыттың Қазақстандағы негізгі тұтынушысы Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы консервілеу зауыттары екен.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді