
Осындай игі іс Тараз қаласында да жалғасын тапты. Айталық, «Жасыл белдеу» жобасы аясында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков «Қызыл Абад» алқабына арнайы барып, жұртшылықпен бірге тал екті.
Бастысы, көшеттердің көптігі емес, олардың көктегені маңызды екенін айтқан шаһар басшысы отырғызылған ағаштарды уақытылы күтіп-баптау жұмыстары назардан тыс қалмау керектігін жеткізді.
Айшықты іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, белсенді жастар мен шаһар тұрғындары да қатысып, игі іске өз үлестерін қосты.
– Өңірде тазалықты сақтап, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, халықтың бірлігі мен ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайтуға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізіліп келеді. Осы бағытта биылғы көктем мезгілінде «Қызыл Абад» алқабына жалпы саны 10 мың көшет отырғызу жоспарланса, осы күні атамыш алқапқа 5 мың қарағаш көшеті отырғызылды. Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде «Ұлы дала» шағынауданындағы мешіт маңына 80 түп ағаш егілді. Олардың суару жүйесі де толығымен қамтамасыз етілген. Ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарына «Жасыл ел – Тараз» мекемесі бекітілген, – дейді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исабеков.
Айта кетейік, облыс аумағында «Таза Қазақстан» акциясы аясында биылғы жылдың наурыз-сәуір айларында 10,9 мың тал отырғызу, 17 мың шаршы метр гүлзарлар мен 5,7 мың шаршы метр көгалдар орналастыру, 803,8 шақырым арық жүйелері мен каналдарды, 2781 шақырым көше жолдарын, 668 140 шаршы метр саябақтар мен скверлердің аумақтарын тазалау, 5 мың тонна күл[1]қоқыс шығару жұмыстары жоспарланған.
Сонымен қатар, Тараз қаласында «Jambyl Cement» компаниясы 3,6 мың көшет, «Тараз металлургиялық зауыты» тарапынан 10 мың көшет және «Qazaq Soda» компаниясы Сарысу ауданында 27 мың көшет отырғызуы көзделген. Сондай-ақ, «QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС тарапынан өтемақы негізінде Т.Рысқұлов аумағына 30 мың көшет отырғызылмақ.
Акция аясында жыл соңында облыс деңгейінде «Үлгілі ауыл» және «Үлгілі аула» конкурстары қайта өткізіліп, жеңімпаздарды марапаттау көзделген.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Қала мен аудандар бес жылдық даму жоспарларын бекітуі керек
- 12 сәуір, 2025
Серік Сәлемов Мойынқұм ауданына жұмыс сапарымен барды
- 12 сәуір, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді