
«Зауырбек нағыз батылдық танытып, қайғылы жағдайдың алдын алды. Мұндай қадамға кез келген адам бара бермейді, ол үшін батылдық пен қайсарлық қажет», – деді бүгінгі күннің батырын марапаттау рәсімінде сөйлеген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Арман Тоқанов.
Еске сала кетсек, өткен жылдың 8 қазанында Тараз қаласында техникалық қызмет көрсету станциясының жанында бірнеше автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алған болатын. Оның салдарынан көліктердің бірі өртеніп, тағы бір көлікте жүргізуші мен жолаушы қалып қойды. Осы оқиғаның куәсі болған станция қызметкері Зауырбек Бақтыбекұлы еш ойланбастан дереу отқа оранған «BMW- 520» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысын құтқаруға ұмтылған. Өз өміріне төнген қауіпке қарамастан жанып жатқан көлікке кіріп, зардап шеккендерді жылдам қауіпсіз жерге алып шығады.
Сонымен қатар, Зауырбек екінші автокөлікті де қарап шығып, оның жүргізушісіне де алғашқы көмек көрсетеді. Құтқару операциясынан кейін ол дереу полиция мен төтенше жағдайлар департаментіне хабарласып, зардап шеккендерді «Жедел жәрдем» қызметіне тапсырады. Осылайша сын сағатта көрсеткен батырлығы үшін тараздық Зауырбек Манапбай Төтенше жағдайлар министрлігінің жоғары марапатына ие болды.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Жаны нәзік, ары биік арулар
- 13 сәуір, 2025
Әкемнің «Арманым жоқ» деген сөзі құлағымнан кетпейді...
- 12 сәуір, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді