
Қоғамдық кеңестің жаңа құрамының төрағасы мен төралқа мүшелерін сайлау, қызмет бағыттары бойынша құрылған комиссиялар құрамы мен олардың төрағаларын бекіту және облыстық қоғамдық кеңес туралы ережені бекіту сияқты мәселелер қаралған жиынды Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Масат Берік ашып, жұмыс тобы «Қоғамдық кеңестер туралы» заңның 9-бабы, 7-тармағына сәйкес қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереже негізінде конкурс өткізіп, жаңа құрамды қалыптастырғанын және кеңеске үміткерлердің резервтік тізімін айқындағанын атап өтті.
Жұмыс тобының жетекшісі осыдан кейін облыстық қоғамдық кеңестің төртінші құрамының мүшелеріне куәліктер тапсырып, жаңа құрамға халық алдында есеп беретін мемлекетті қалыптастыру жөніндегі саясатты іске асыруға, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шешімдер қабылдауына коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған кеңес қызметін жауапкершілікпен атқаруға сенім білдірді.
Жиында облыстық қоғамдық кеңес төрағалығына жаңа құрам тарапынан бір ғана үміткер – Дүйсенәлі Бықыбаевтың кандидатурасы ұсынылып, ол бірауыздан сайланды. Бұдан кейін қоғамдық кеңестің төралқа құрамы да сайланды. Келесі кезекте кеңестің «Экономика, өнеркәсіп, энергетика, құрылыс, инфрақұрылым, экология және цифрландыру», «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, су ресурстары және ирригация», «Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, жастар саясаты, қоғамдық даму және жұмыспен қамту», «Қоғамдық тәртіп, әлеуметтік жанжалдардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жөніндегі комиссиялары құрылып, олардың құрамы мен төрағалары сайланды.
Жиын соңында облыстық қоғамдық кеңестің ережесі бекітілді.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Қала мен аудандар бес жылдық даму жоспарларын бекітуі керек
- 12 сәуір, 2025
Серік Сәлемов Мойынқұм ауданына жұмыс сапарымен барды
- 12 сәуір, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді