
Жалпы, өткен жылы құрылыс саласына 330,8 миллиард теңгеге инвестиция тартылып, құрылыс жұмыстарының көлемі 116,2 пайызға асыра орындалса, пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі 104,5 пайызды құрады. Оның 30 пайызы бюджет қаражаты есебінен, 70 пайызы жеке меншік қаражаты есебінен бой көтерген. Бүгінгі күнге коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне 39503 азамат тіркелген. Оның ішінде көпбалалы отбасылар – 9705, әлеуметтік осал топтағылар – 16228, жетім балалар – 3054, бюджет қызметкерлері – 10513, авариялық құрылымнан – 3 адам бар.
Былтыр кезектегі азаматтарды әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етуге бюджеттен жалпы 40,7 миллиард тенге бөлініп, нәтижесінде 2830 тұрғын баспаналы болды. Оның 1819 әлеуметтік осал топтағылар. Атап айтсақ, 17,5 миллиард теңгеге 3709 пәтерлі 78 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен 1159 пәтерге арналған 26 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Бұдан бөлек, жеке меншік инвестиция есебінен 1547 пәтерлі 38 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Былтыр халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджеттен 23,2 миллиард теңгеге 1575 пәтер сатып алу жоспарланған. Сонымен, былтыр 1671 пәтер сатып алынды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда сатып алынған пәтер екі есеге (2023 – 864 пәтер), ал қаражат көлемі үш есеге (2023 – 7,8 миллиард, 2024 – 23,2 миллиард) артты. Сөйтіп, өткен жыл қорытындысымен 304 азаматқа 299,5 теңгеге тұрғын үй сертификаты беріліп, баспаналы болуына қолдау көрсетілді. «Отбасы банк» АҚ-ның «Отау» және «Наурыз» бағдарламалары арқылы 840 отбасы баспаналы болды. Ал жеке тұрғын үй салу үшін жер кезегінде 198671 азамат тіркелген.
– Баспана әрбір адамның арманы. Өңір тұрғындарын жайлы баспанамен, инфрақұрылыммен қамту мақсатында облыста қолға алынған жұмыс ауқымы кең. Мәселен, өткен жылы облыс аумағында 770 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Кезектегі азаматтарды әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етуге биыл бюджет қаражаты есебінен 11,8 миллиард теңге қаралып отыр. Сондай-ақ, биыл өткен жылдан өтпелі 2550 пәтерлі 52 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізіп, кезектегі азаматтарды әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Оның ішінде, Тараз қаласындағы «Әулие Ата» (14) жаңа шағынауданында өткен жылы құрылысы бастау алған 800 пәтерлі 22 әлеуметтік кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы осы жылы аяқталады. Бұдан бөлек, Асқаров көшесінің соңындағы алқапта 1176 пәтерлі 30 көпқабатты әлеуметтік кредиттік тұрғын үйлердің жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп, құрылысын биыл бастау үшін 7,7 миллиард теңге өтінім ұсынылды. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджет қаражаты есебінен 4,9 миллиард теңгеге 361 пәтер сатып алынады, – дейді басқарма басшысы Ерлан Құрмантайұлы.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Құмды қыздырып шыны шығарады
- 8 сәуір, 2025
Алыпсатарлар азаймай, азық-түлік бағасы арзандамайды
- 8 сәуір, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді