Басқосуда мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Жарылқасын Айтақов 2024 жылы атқарылған жұмыстардың есебін берді.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары облыстағы ұйымдар мен кәсіпорындарға жоспардан тыс 146 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 336 заңбұзушылық анықталып, жұмыс берушілерге 79 орындауға міндетті нұсқама берілді.
Заңды және лауазымды тұлғаларға 19 ескерту жасалды, 19 әкімшілік құқықбұзушылық туралы қаулы шығарылды.
4,2 миллион теңге әкімшілік айыппұл салынып, оның 3 миллион 278 мың теңгесі өндірілді. Анықталған еңбек заңнамасының бұзушылықтары толық жойылды.
Бұдан бөлек, 22 кәсіпорынға профилактикалық бақыла у жүргізілді.
2 085 жұмыскердің 421,1 миллион теңге жалақы қарызы өтелді.
Өңірдегі 11 468 ұйымда ұжымдық шарттар, сондай-ақ 2291 кәсіпорында сақтандыру шарты жасалған.
Ербол Қарашөкеев жауаптыларға ұйымдар мен кәсіпорындарда еңбек даулары мен шиеленістерінің алдын алу үшін жұмыстарды жандандырып, бақылауды күшейтуді міндеттеді.
Бұдан бөлек, қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыру, бейресми жұмыспен қамтылған азаматтарды анықтау, олардың еңбек қатынасын заңдастыру шараларын жалғастыруды, сондай-ақ ұжымдық шарттардың рәсімделуін және орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Кеңесті қорытындылаған облыс әкімі келесі комиссия отырысында берілген тапсырмалар сараланып, Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің жауапкершілігі қаралатынын ескертті.
Облыс әкімінің баспасөз
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




