«Біріккен Ұлт жеңеді!» атты V халықаралық бейнематериалдар байқауына өтінім беру басталды
- author «Ақ жол»
- 1 сәуір, 2025
- 238

Байқаудың мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы бабалар ерлігін ұлықтау, тарихи сананы жаңғырту, жастар арасында отансүйгіштік пен патриоттық рухты күшейту, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ мен шетелдік жетекші университеттер арасындағы ғылыми, шығармашылық ынтымақтастықты нығайту.
Байқаудың шарты бойынша қатысушылар әлемдік саясаттағы өзгерістер мен жаңару тенденциялары, батыр бабалардың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен Қазақстан халқының Ұлы Жеңіске қосқан үлесі, бейбіт өмір мен келісім құндылықтары, ұрпақтар сабақтастығы мен тарихи зердені сақтау, Жеңіс рухын дәріптейтін заманауи көзқарастар туралы бейнематериалдар ұсына алады.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау
Үздік деп танылған жұмыстар Гран-При, I, II және III орындар мен арнайы номинациялар бойынша анықталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, арнайы сыйлықтармен марапатталады.
Байқауға қатысушылар – шетелдік және отандық университеттердің
білім алушы студенттері мен магистранттары, докторанттары.
Бейне материалға қойылатын мазмұндық және техникалық талаптар:
атауы – қысқа, есте тез сақталатын креативті, бейнелі болуы тиіс;
тілі – қазақша, орысша немесе ағылшынша;
хронометражы: 2 минуттан аспауы керек;
форматы: .MOV; .MPEG4; .MP4; .AVI
Халықаралық байқауды ұйымдастыру Комитеті бейнематериалдарды 2025 жылдың 1-30-шы сәуірі аралығында қабылдайды.
Байқауға қатысуға қажетті міндетті құжаттар мен талаптар:
- «Біріккен Ұлт жеңеді!» халықаралық байқауына қатысуға Өтінім
- Байқау талабына сәйкес мазмұнда және форматта әзірленген бейнематериал.
Ұйымдастыру комитетінің электронды поштасының адресі: ultmediakz@gmail.com
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді