
Облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, аталған компанияның ауыл шаруашылығы құбырлары мен тамшылатып суару жүйелерін өндіруде тәжірибесі мол. Бүгінгі күні цехта 30 адам жұмыс атқаруда, зауыт толық қуатына қосылғанда 60 адамды жұмыспен қамту көзделген.
–Бүгінгі күні облысымызда суармалы егіс алқаптарын жаңбырлатып және тамшылатып ылғалдандыру арқылы өнім көлемін арттыру алдымызда тұрған басты міндеттің бірі. Осы бағытта ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаның бірі – тамшылатып суару қондырғыларын шығару. Осы жобаға инвестиция салған қытайлық инвесторлар Тараз қаласында тамшылатып суару жүйесін шығаратын өндірісті екі ай бұрын іске қосқан болатын. Қазіргі таңда зауыт тиісті қуатында жұмыс істеуде. Өңірдегі агроқұрылымдардан сұраныстар қабылдап, жұмысын жүйелеп отыр. Тамшылатып суару жүйелерін шығару өте маңызды қадам. Жалпы облыста суармалы жердің көлемі 181,8 мың гектарды құрайды. Оның 127,3 мың гектары немесе 70,9 пайызы жерүсті әдісімен ылғалдандырылады. Ал 28,5 мың гектар алқапқа жаңбырлатып суару, 11,5 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі пайдаланылады. Былтыр 15,2 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологиялары орналастырылған. Биыл 10 мың гектарға енгізіліп, облыс аумағындағы жалпы көрсеткіш 64,5 мың гектарға дейін жетеді деп күтілуде. Өңірімізде осындай құрал-жабдықтар шығаратын өндіріс орны ашылғаны бағасы жағынан да тиімді. Сол себептен қант қызылшасы, картоп, басқа да өнім өсіретін шаруалар осы суару жүйелерін пайдаланғаны жөн, – дейді басқарма басшысы.
Компания басшысы Фу Биннің айтуынша, цехтың қазіргі жылдық қуаттылығы 20 гектар алқапқа жететін суару құрылғыларын шығару. Сұранысқа қарай оны компания екі-үш есеге арттыруға ниетті. Ал бүгінгі күні кәсіпорын алдағы суару маусМарат ҚҰЛИБАЕВымына қажетті жабдықтарды өткеруге толығымен дайын. Компания басшысының айтуынша, фермерлерге 6 мың гектар суару жабдықтарын үлестіру жоспарда бар екен. Тапсырыстар бірқатар аудандардан түсіп те үлгерген. Сондай-ақ, ұңғымаларды бұрғылауға арналған құрал-жабдықтар да дайындалады мұнда.
– Тамшылатып және жаңбырлатып суарылатын құрал жабдықтарға арналған бұл жобаны жүзеге асыруға өткен жылы кіріскенбіз. Былтыр облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек және «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Берік Манасовпен кездесу өткізіп, іскерлік байланыс орнатқанбыз. Жамбылдық әріптестеріміз бастамамызды қуана қолдады. Өткен жылы біз жұмысымызды бастаған сәтте мына зауыт қаңыраған бос ғимарат еді, бір жылдық еңбектің нәтижесінде кәсіпорын іске қосылып, алғашқы өнімдерді шығарып отырмыз. Қазір зауытта құбыр өндіретін 4 жүйе жұмыс істеп тұр. Бір күнде осы төрт жүйе 30 тонна шикізат тұтынып, нақ осы салмаққа тең құбырлар шығарылады. Одан бөлек екі тамшылату таспасы бар, оның көлемі күніне 600 мың метрді құрайды. Әулиеата өңірінің егістік жерлері құрғақ болып келеді. Зауытты Жамбыл жерінен ашуымыз сондықтан. Зауыт енді ашылып жатса да облыс шаруаларынан суару жүйелеріне бірнеше тапсырыс түсіп үлгерді, – дейді компания басшысы Фу Бин.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Құмды қыздырып шыны шығарады
- Бүгін, 02:36
Алыпсатарлар азаймай, азық-түлік бағасы арзандамайды
- Бүгін, 02:23
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді