
– Бүгінде облыс аумағында жасөспірімдер қылмысының алдын алу бойынша Полиция департаментімен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Мектепішілік есепке қойылған оқушылар саны 2023 жылы 395 болса, өткен жылы 490 оқушыны құрады. Ал бүгінгі күні 587 оқушы мектепішілік есепте тұр. Аудандар бойынша Байзақ ауданында өткен жылы кәмелетке толмағандар арасында 5 қылмыс жасалса, есепті кезеңде Жамбыл ауданында қылмыс тіркелген жоқ. Алайда 7 оқушы полиция бөлімінің, 14 оқушы мептепішілік есепте тұр. Сол секілді Жуалы ауданында колледж білімгерлерімен 3 қылмыс, Қордайда 2 қылмыс орын алып отыр. Бұл көрсеткішті төмендету мақсатында республикалық деңгейде финдік «KiVa» жобасы, «ДосболLIKE» жобасы, облыстық деңгейде «Бестерек», «Komek Stop Bullying», «HR+» автоматтандырылған психологиялық-педагогикалық мониторинг жүйесі, «Кел, дос болайық!» жобалары іске асырылды, – деді аймақтың бас ұстазы Ләззат Қызылқұлова.
Басқосуда Ләззат Әбілдақызы өңірде 140 жасөспірім және 262 қолайсыз отбасы есепте тұрғанын атап өтті. Бұдан бөлек, ол қылмыс санын азайту бағытында үшінші тарап – ата-аналар жауапкершілігін арттыру бойынша шаралар қабылдану керектігін жеткізді. Себебі, облыс аумағында орын алған жасөспірімдер қылмысының 80 пайызы мектептен тыс уақытта орын алған.
Сондай-ақ, жиында облыстық полиция департаменті кәмелетке толмағандар полициясы тобының, облыстық психологиялық қолдау орталығы мен аудан әкімдерінің орынбасарларының баяндамалары тыңдалып, балалар психологиясы мәселесіне баса назар аударылды. Айта кетейік, облыста білім беру ұйымдарындарындағы жасөспірімдермен жұмыс істейтін психолог мамандар тапшылығы туындап отыр. Сондықтан комиссия отырысында Серік Сәлемов салаға маман тарту ісін ұйымдастыруды жолға қойып, оңтайлы шешімдер іздеу қажеттігін атап өтті.
– Облыста психолог мамандар тапшылығы бар екені жасырын емес. Мәселен, сала министрлігімен бекітілген стандартқа сәйкес, білім мекемелеріндегі әр маманға орта есеппен 300 оқушыдан болуы тиіс болса, өңірде бұл көрсеткіш екі-үш есе артып отыр. Дегенмен кадр тапшылығы бар екен деп қол қусырып отыруға болмайды. Өңірде екі бірдей университетіміз бар. Олардан оқу бітіріп шыққан жас мамандарды өзімізде алып қалуға жағдай жасау керек. Психологтар баламен бірінші болып жұмыс жасап, қылмыстың алғаш болып алдын алушылар. Сол себептен тәрбие жұмыстарына сынып жетекшілерді тарту тетіктерін қарастыру қажет, – деді Серік Жақсылықұлы.
Бұдан бөлек, жиында қылмыстың алдын алу мақсатында ақпараттандыруды арттыру, цифрлық технологияларды енгізу мәселесі айтылып, ұсыныстар тыңдалды.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Қаңғыбас иттердің қаптап кетуінің сыры неде?
- 6 сәуір, 2025
Депутаттар жұмысы тоқсан сайын бағаланатын болады
- 3 сәуір, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді