Іс-шара барысында «Белсенді ұзақ өмір» орталығының ардагерлері білім ордасына арнайы келіп, жас ұрпаққа шежіре туралы кеңінен мағлұмат берді. Жиынның ашыл у салтанатында сөз сөйлеген мектеп директоры Айнұр Ботамқұлова қазіргі жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруде мұндай іс-шаралардың маңызды екеніне атап өтті. Шығармашылық апталықтың он күндігіне орай өткен кездесуде тақырыпқа сай слайдтар көрсетілді. Келесі кезекте сөз алған «Белсенді ұзақ өмір орталығының» ардагері Аманқұл Искаков шежірені, ел-жұрт тарихын білу–ер азаматты ерлікке, отансүйгіштікке баулитындығын, бабаларымыздың жасаған ерлігі мен өнегелі істері жас ұрпаққа үлкен мотивация болатындығына ерекше тоқталды. Қос буынның ке зде суінде орталықтың Г. Абдихалықова, К. Ахметова, С. Қаржаубай, А. Смайлов, Л. Необъявляющий мен Г. Ақылова сынды өнерлі ардагерлер ән-жырдан шашу шашып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Іс-шара соңы ардагерлер мен оқушылардың мерекелік концертіне ұласты.
Сымбат НҰРМАНОВА,
М.Әуезов атындағы №33 орта мектебі музыка пәнінің мұғалімі.
Ұқсас жаңалықтар
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




