Серік Сәлемов – облыстық бокс федерациясының президенті
- author «Ақ жол»
- 29 наурыз, 2025
- 352

Облыстық бокс федерациясының президенті тағайындалған жиынға Қазақстан бокс федерациясының аймақтармен жұмыс бойынша вице-президенті Болат Әбдірахманов, Әлем чемпионы, Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов пен сала басшылары, облыстық бокс федерациясының мүшелері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары қатысты.
Жиында республикалық бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов еліміздің боксты дамыту бойынша ұстанған бағдары жайында оның ішінде орталық пен аймақтардың міндеттері жөнінде кеңінен айтты.
– Бокс федерациясы тарапынан соңғы бір жылда елімізде аталған спорт түріне бірқатар реформалар жүргізілді. Федерация бүгінде барлық деңгейдегі жарыстарды таза әрі әділ түрде өткізіп, олимпиадаға спортшылар дайындауды негізгі мақсат санайды. Бұл ретте аймақтық ұйымдардың жұмысы үлкен рөл атқарады. Бүгінгі жиынның Жамбыл өңірінің бокс саласы үшін маңызы зор. Осы маңызды шешім аясында талай чемпиондарды түлеткен өңір боксының дамуы жаңа қарқын алып, алдағы Лос-Анжелос Олимпиадасына боксшылар дайындап шығады деген сенімдемін, – деді Мерей Төлегенұлы.
Дауыс беру қорытындысына сәйкес, Серік Жақсылықұлының кандитурасы бірауыздан мақұлданып, өңір басшының орынбасары облыстық бокс федерациясының президенті болып тағайындалды. Айта кетейік, ол жастайынан бокс, кикбоксинг және футболмен кәсіби түрде айналысқан.
– Мемлекет басшысы жалпы спортқа, оның ішінде басымдық берілген спорт түрлерінен боксқа ерекше көңіл аударып отыр. Жамбыл өңірі бокстың талай майталмандары шыққан мекен. Өңірден Серік Қонақбаев, Болат Жұмаділов, Ермахан Ыбырайымов, Болат Ниязымбетов пен Бақтияр Артаев секілді дүлділдеріміз түлеп ұшып, талай додаларда топ жарды. Бүгінде аталған спорт түрімен өңірде 5 мыңнан астам жас айналысады. Жамбыл өңірі соңғы 20 жылда бокстан алтын келмегенін ескерсек, алдағы Олимпиада ойындарына боксшы дайындау басты міндетіміз болып қала береді, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Сондай-ақ, жиында облыстық бокс федерациясының вице- президенті лауазымына боксшы, меценат, «Super pharm» серіктестігі дамыту жөніндегі директоры Әділхан Әмірхановтың кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан мақұлданды.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді