Азаматтар өздерін сөз жүзінде емес, іс жүзінде қауіпсіз сезінуі тиіс – Бас прокурор
- author «Ақ жол»
- 28 наурыз, 2025
- 1.5k
Берік Ноғайұлының айтуынша, Актөбе, Атырау, Павлодар және басқа да өңірлерде жасөспірімдер арасында қылмыс фактісі көбейіп келеді.
«Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру бойынша кеңес өткіздім. Актөбе, Атырау, Павлодар және басқа да өңірлерде жасөспірімдер қылмысы көбейіп отыр. Профилактикалық шараларды күшейтуді, антибуллинг бағдарламаларының тиімділігін зерделеуді тапсырдым. Қоғамдық орындардағы қауіпсіздікке ерекше назар аудардым. Қауіпті учаскелерді бейнекамералармен және жарықпен жабдықтап, патрульдеуді күшейту қажет. Азаматтар өздерін қорғалған сезінуі тиіс – сөз жүзінде емес, іс жүзінде.
Жол-көлік оқиғаларының күрт өсуі алаңдатады: бір жылда +67%, жарақат алғандар +79%. Атырау, Қостанай, Актөбе, Жетісу облыстарында жағдай күрделі. Апаттардың 72%-ы трассаларда. Жүргізушілердің еңбек тәртібін бақылау, бала тасымалдау ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды" - деп жазды Бас прокурор жеке парақшасында.
Сондай-ақ, құзырлы орган басшысы халықаралық сарапшылардың қатысуымен Талғар мен Рудный қалаларында қауіпсіздік мәселелерін талдайтын пилоттық жоба іске қосылғандығын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Алты ауылда мыңнан астам жұмыс орны ашылған
- 11 ақпан, 2026
ЖИ мен адам арасындағы байланыс бәсеке емес, серіктестік
- 10 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




