Биыл облыс бойынша 644 мың 800 гектар жердің егістік алқабы игеріледі деп жоспарланып отыр. Қазір қажетті минералды тыңайтқыштар және тұқымдармен қамтамасыз етілген шаруашылықтар жер жыртып, егін егуді бастап та кетті.
Биыл ауыл шаруашылығы саласына 24,6 миллиард теңге субсидия бөлініп, 14,9 миллиард теңге инвестиция тартылды. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 425,4 миллиард теңгені құрады.Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 626,7 мың гектарды құрады. Өңірде қант қызылшасынан басқа барлық дақылдар бойынша егін жинау науқаны аяқталды. 3,6 миллион тонна өнім жиналды, оның ішінде 671,4 мың тонна дәнді масақ, 36,3 мың тонна майлы дақылдар, 1,2 миллион тонна көкөніс дақылдары, 172 мың тонна картоп. Қант қызылшасы бойынша егін алқабының 84 пайызы жиналды. Бүгінге 600 мың тонна өнім алынып, орташа өнімділігі 650 ц/га құрады. Жиналған өнім Меркі және Ақсу зауыттарына өткізілуде.Қант қызылшасын субсидиялауға желгілікті бюджеттен 3,4 милиард теңге бөлініп, жыл соңына дейін республикалық бюджеттен 5 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру күтілуде.
Биыл алғаш рет ауылшаруашылығы техникасының лизингі бойынша Бағдарлама іске асырылып, 3,2 миллиард теңгеге жылдық 5 пайызбен 244 бірлік сатып алынды.
Сонымен қатар, «Тараз» ӘКК арқылы жылдық 2,5 пайызбен 68 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы, 116 бірлік аспалы және тіркеме техникалары және 7 қызылша жинау комбайны сатып алынды.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




