Жамбыл облысында 2025 жылы шаруаларды субсидиялауға жергілікті бюджеттен 22,7 миллиард теңге бөлінді
- author «Ақ жол»
- 24 наурыз, 2025
- 130

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығыме Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында да халық үшін маңызды, мемлекетіміздің бүгіні мен болашағына қатысты мәселелер қарастырылды.
Мәселен Қазақстанныңауылшаруашылығындағы әлеуеті зор екенін айтқан Мемлекет басшысы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланатын кез келгенін жеткізіп, нақты тапсырмалар жүктеді.
«Еліміздің әуелгі мүмкіндіктеріне қарасақ, біз әлдеқашан әлемдегі алпауыт аграрлық мемлекеттің бірі болуға тиіс едік.
Бірақ ауылшаруашылығына қажетті қаржы салынған жоқ. Оған қоса бұл салада жемқорлықпен айналысатын алаяқтар белең алды. Олардың ішінде мемлекеттік қызметшілер де болды. Жалған мәліметтердің кесірінен мемлекет қағаз жүзіндегі мал санына жылдар бойы субсидия төледі.
Қазір қордаланған мәселенің бәрін шешіп, агроөнеркәсіп кешенін жаңа деңгейге көтеру үшін көп жұмыс жасалып жатыр.
Біз алдағы бес жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімін екі есе көбейтіп, осы саладағы еңбек өнімділігін үш есе арттыруымыз керек. Бұл – өте маңызды міндет» деген Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан 10 жыл ішінде бидайды терең өңдеп, дайын өнім өндіретін және оны әлемдік нарыққа шығаратын ең үздік он елдің қатарына қосылуға тиіс екенін айтты.
Бұл ретте аграрлы аймақ саналатын Жамбыл облысының ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне артылатын жауапкершілік жүгі салмақты.
Жалпы Мемлекет басшысы әр жылғы Жолдауларында, маңызды жиындарда сөйлеген сөздерінде ауылшаруашылығы саласына баса назар аударып, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың алдына жаңа міндеттер қоюда.Президент тапсырмалары саланың дамуына тың серпін беріп, қордаланған мәселелер шешімін табуда. Мәселен облысымызда да соңғы бірнеше жылда асыраушы салада ауқымды жұмыстар атқарылып, жоғары нәтижелерге қол жеткізілді.
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілқайыр Тамабектің айтуынша, 2024 жылы 488,5 миллиард теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндіріліпті. 647 мың тонна тәтті түбір жиналып, 597 мың тоннасы қант зауыттарына өткізілген.
«Өткен жылы ауа райының қолайлы болуы, шаруалардың агротехникалық шараларды жетік меңгеруі мен мемлекеттік қолдаудың тиімділігінің арқасында жалпы өнім көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 3 есеге өсті.
Соңғы 4 жылда 25 мың гектар алқаптан 650 мың тонна өнім жиналса, бұл өнімге фермерлер 1 жылдың ішінде қол жеткізіп, рекордтық өнім алды.
Ал биыл 660 мың гектарға ауылшаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлануда. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 33 мың гектарға көп.
Көктемгі егіс жұмыстарына қажетті 55 мың тонна тұқым, 7 317 дана ауылшаруашылығы техникасы дайын тұр.
Үкімет тарапынан 20 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінді. Бұл – шаруалардың көктемгі дала жұмыстарын мерзімінде жүргізуіне оң әсерін тигізеді.
400-ден астам ауыл шаруашылығы техникасын сатып алып, 6,5 пайызға жаңарту көзделуде.
418 мың гектар алқапқа 83,1 тонна минералды тыңайтқыш ендіріледі.
Сонымен бірге көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру үшін «Агронесиелік корпорация»арқылы өңір шаруаларына 3 миллиард теңге көлемінде 5 пайызбен несие беру жоспарлануда.
Айта кетейік, 2025 жылы шаруаларды субсидиялауға жергілікті бюджеттен 22,7 миллиардтеңге бөлінсе, оның ішінде өсімдікшаруашылығын дамытуға 10,6 миллиард теңге қарастырылған. Соның арқасында өсімдікшаруашылығында 325,1миллиард теңгенің өнімі өндіріледі деп күтілуде», - дейді Ә.Тамабек.
Ұқсас жаңалықтар
Ереванда Абай Құнанбайұлы атындағы саябақ ашылды
- Бүгін, 09:59
ҚазҰУ-да Абай әндерін 1000 адам хормен орындады
- Бүгін, 09:28
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді