
Жалпы, ұлттық киім деген – қазақтың болмысы ата-бабамыздың үлгісі. Сондықтан, Мемлекет басшысының бұл бағыттағы қолдауы үшін қуанамын. Мен ұлттық киім тігіп, осы бағытта жұмыс істеп жүрген кәсіпкермін. Осыдан төрт жылдай бұрын Мойынқұм ауылындағы «Бек» сауда кешенінен арнайы орын алып, киім тіктім. Қазақ ұлттық шапан, костюмдер, бишілердің киімдерін, мектеп пен балабақша бүлдіршіндеріне, тойға киюге арналған ұлттық киімдер тігіп, жұмысқа кірістік. Жұмысымыз жаман болған жоқ. Тапсырыс берушілер де аз болмады. Әлі де осы жұмысымды дамытып жатырмын. Көршілес Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылынан да ұлттық киім сататын орын аштым. Ол жақтағы жұмысым да жаман емес.
Менің байқағаным, тұрғындар арасында ұлттық киім киюге деген ынта мен ықылас жақсы. Барлығы оюлы шапан, кестелі тақия кисе, қуанып жүреді. Қанымызда бар, болмысымыз қалайтын дүние емес пе? Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстарды дамытуды өз басым қуана қолдаймын. Себебі, осы жұмыстың басы-қасында жүрмін. Қалай жүріп жатқанын, қандай қолдауға ие екенін жақсы білемін.
Сондықтан, бұл мәселенің Ұлттық Құрылтайда көтерілуі, барша көпшілікке өнеге ретінде айтылуы орынды. Біз қазақ халқының үлгісімен, бабаларымыз қалдырған дәстүрлі жолмен жүруіміз керек. Оның арғы жағында ұлттық бояуымыз бен ұлттық құндылықтарымыз тұр.
Ханышай СЕМЕЙХАНҚЫЗЫ,
жеке кәсіпкер.
Мойынқұм ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Таразда ыстық су уақытша өшіріледі
- 12 сәуір, 2025
Мегажобалар жүзеге асса, мыңнан астам жұмыс орны құрылады
- 12 сәуір, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді