Аудан халқы әуелі орталық стадионда ұлттық ойындардан ұйымдастырылған жарыстарды тамашалап, жиналған көпшілік қызықты сайыстарға куә болды.
Сонымен қатар, мерекелік концерттік бағдарлама мен қолөнершілер көрмесі тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Қазақтың салт-дәстүрлері көрініс тапқан қойылымдар көрсетіліп, Наурыздың мән-маңызы айшықталды.
Мерекелік іс-шараны жалпы аудан тұрғындары тамашалап, орталық стадионға жиналған жамбылдықтар бір-біріне ақжарма тілектерін арнап жатты. Мерекелік кештің сәнін «Жігер» тобы мен аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы қыздыра түсті.
Есет ДОСАЛЫ
Жамбыл ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




