Ұлыстың ұлы күні Шу жерінде де сән-салтанатпен тойланды.
Аудан өнерпаздары салт-дәстүрден көріністер қойып, мерекенің мәнін аша түсті. Айтыс ақыны Ғабит Есдәулетов айтқан арнау өлең де көпшіліктің көңілінен шықты. Аудандық мәдениет үйінің әншілері әннен шашу шашты.
Мұндай мереке айтыскерлер мекені Ақсу ауылында да жалғасын тапты. Іс-шараны танымал айтыскер Бақытбек Жұмабеков ұйымдастырып, ауыл тұрғындарына арнауымен тілегін жеткізді. Сондай-ақ ауылда өткен шағын айтыста 9-сынып оқушысы Жомарт Александр тапқыр шумақтарымен көзге түсті.
Есет ДОСАЛЫ
Шу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




