Мереке театрланған көрініс, ән, жырмен жалғасын тапты. Танымал термеші, әнші Наркенже Серікбаева әннен шашу шашып, мерекенің көрігін қыздырды. Спорттық ойындар да аса қызықты өтті. Арқан тарту бойынша «Қаратау қаласының жастары» құрамасы жеңімпаз атанса, аудандық білім бөлімі мекемелерінен құралған команда екінші, Тамды ауылдық округінің құрамасы үшінші орыннан көрінді. Қой көтеру сайысында тамдылық Бағлан Керімбек жеңімпаз атанды. Қол күресі түрінен Жалел Абуллаев чемпион деп танылса, қаратаулық Бекжан Сауранбек пен Аманбек Жәнібек жүлдегер атанды. Кір тасын көтеруде Иван Теплухинге ешкім жете алмады. Ал, қаратаулық Игорь Закиров пен Алтай Мұсабеков мықтылық танытып, жүлдегерлер қатарынан табылды. Бейбіт Ыстыбаевтың жолын қуған жас балуандар қазақ күресі бойынша сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады.
Есет ДОСАЛЫ
Талас ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




