«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Сайлауды өткізуде мемлекеттік органдардың рөлі қандай?

Сайлауды өткізуде мемлекеттік органдардың рөлі қандай?
Ашық дереккөз
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Сайлауды әзірлеу мен өткізудегі мемлекеттік органдардың рөлі туралы» тақырыбында семинар- тренинг өтті.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов Сайлау комиссиясының 2027 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, биылғы ақпанда барлық аудандар мен Тараз қаласында орналасқан учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары өткізілгенін айтты.

– Семинарды өткізу барысында қатысушылар тарапынан сайлауды әзірлеу мен өткізуге уәкілетті мемлекеттік органдарға бірқатар сұрақтар мен ұсыныстар түсті. Осыған орай аумақтық сайлау комиссияның мүшелеріне, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар өкілдеріне арналған оқыту с еминарының т ақырыбы «Сайлауды әзірлеу мен өткізудегі мемлекеттік органдардың рөлі туралы» болды. Бағдарламаға сәйкес, дәріс берушілер мен өз салалары бойынша сұрақ-жауап алмасып, оқылған тақырыптарға қатысты кейс сұрақтармен практикалық жұмыстар жасалатын болады, – деген Серғали Өмірзақұлы алдымен аумақтық сайлау комиссиясының басшылық құрамының білім деңгейін анықтау мақсатында 10 сұрақтан тұратын тест алынатынын айтты.

«Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес білім деңгейін анықтауға бағытталған кіріспе тест туралы заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару бойынша магистр Алмаз Аппазов түсіндірді. Тестті қатысушылар офлайн және онлайн форматта тапсырды. Содан соң Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің аға прокуроры Са лт анат Ис аева, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Руслан Шарипов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің аға жедел уәкілі, капитан Әлішер Әскербеков, Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Арай Акимбек, облыстық әділет департаментінің бас маманы Алмаз Ауғанбаев және Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Жанбатис Ибраев мемлекеттік органдар тарапынан сайлау процесіндегі заңнамалық талаптар мен процедуралар туралы дәрістер оқыды. Семинарда «Әкім болуға кандидаттарды тіркеу», «Құжаттарды заң талаптарына сәйкестігін тексеру», «Сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жөніндегі мәліметтерді тексеру» және тағы да басқа маңызды т ақырыпт ар қамтылды. Семинар соңында оқылған тақырыптарды практикалық тұрғыда бекітуге арналған екінші тест өткізілді. Қорытындысында қатысушыларға сертификат тапсырылды.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Ұқсас жаңалықтар