Бағасы төмен, сапасы жоғары өнімдер жәрмеңкесі
- author «Ақ жол»
- 20 наурыз, 2025
- 1.9k
Жәрмеңкеде облыс аудандары мен Тараз қаласының тауар өндірушілерінің өнімдерімен қат ар, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өнімдері сатылды. «Тараз» ӘКК» АҚ тарапынан 5 тонна картоп, 4 тонна сәбіз, 2 тонна қырыққабат сатылымға шығарылды. Жәрмеңкедегі әлеуметтік тұрақтандыру қоры тауарларының бағасы нарық бағасынан төмен болды. Атап айтқанда, картоп 130 теңге, сәбіз 95 теңге, қырыққабат 120 теңгеден сатылды. Сонымен қатар, жәрмеңкеге әлеуметтік дүкендер желісінен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары шығарылды. Нақтырақ айтқанда ұн, нан, рожки, қарақұмық, күріш, қант, күнбағыс майы, тауық еті, сүт, айран, сары май, жұмыртқа, тұз, сүзбе нарықтағы бағадан төмен бағада сатылымда болды. Жәрмеңке халықтың азық- түлікке деген сұранысын қанағаттандыруға және бағаны тұрақтандыруға бағытталды.
Жарқын ӘБДІЖАПАР,
«Тараз» ӘКК» АҚ өңірлік тұрақтандыру қорының басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Жүзге жуық жаңа жұмыс орны ашылады
- 31 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




