«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тәулігіне 400 тонна арматура шығармақ

Тәулігіне 400 тонна арматура шығармақ
Ашық дереккөз
Облыста кәсіпкерлікке кең қолдау жасалып, өңір өндірісінің әлеуетін арттыру бағытында кешенді жұмыстар іске асуда. Осы мақсатта облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі ауыр машина жасау бөлшектерін дайындайтын «Запчасть» АҚ зауыты өндірістік цехының жұмысымен танысты.

Қайта өңделетін материалдарды өңдеу цехы металл сынықтарын одан әрі балқыту және құю цехтарына жөнелту үшін сұрыптауға, кесуге және престеуге арналған процестерді іске асырады. Жаңа цехтың іске қосылуы болат балқыту құнын 50 пайызға дейін төмендетіп, құю цехының өнімділігін 200 пайызға арттырады. Цехтың жобалық қуаты жылына 30 мың тоннаны құрайды.

2019 жылдан бері жұмыс істеп тұрған кәсіпорын арматура өндірісі саласындағы көшбасшы саналады. Өндіріс орны әртүрлі құрылыс және өнеркәсіптік қажеттіліктерге арналған жоғары сапалы арматура өндіруге маманданған.

Қазіргі уақытта зауыт бір ауысымда 300 тоннаға дейін 12,14,16 миллиметр өлшеміндегі арматура шығарады. Шілде айынан бастап арматура өндірісін 18, 20, 22, 26 миллиметрге дейін кеңейту, өндіріс көлемін ауысымына 400 тоннаға дейін арттыру жоспарлануда. Өндірілген болат арматура түрлері тұрғын үйлердің, сауда кешендерінің, көпірлердің және басқа да инфрақұрылымдық нысандардың құрылысында кеңінен қолданылады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта зауытта электрлік балқыту, болат және механикалық штамптау мен әмбебап цех секілді төрт негізгі цех жұмыс істейді. Сондай-ақ, кәсіпорын трансформаторлық қосалқы станция, көлік-қойма учаскесі, ұңғымалар, су-сорғы және компрессорлық станциялар, модельдік өндіріс, яғни зауыт өндіретін негізгі бөлшектер мен қо с а лқы бөлшектердің модельдерін шығаруды жолға қойған.

Жалпы, өндірістік ауданы 35 мың шаршы метрден астам аумақты құрайтын зауыт қоймаларының блогы ұзындығы 2,8 шақырым ішкі теміржол жолдары арқылы «Бурыл» станциясына жалғанып, аталған аймаққа жабдықталған тиеу-түсіру алаңдары салынған. Қалпына келтіру жұмыстары басталғаннан бері «Запчасть» АҚ өнімдері темір жол мен жылу энергетикалық кешен, тау-кен байыту кәсіпорындары с екілді маңызды с алаларда пайдаланылады.

Зауыт тіршілігімен жан-жақты танысқан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысының жан-жақты қолдауының арқасында елімізде кәсіпорындардың жұмыс жағдайын жақсарту бойынша жүйелі қадамдар жасалып жатқанын баса айтты. Сондай-ақ, аймақ басшысы өндіріс ошағына қажетті қолдау көрсетілетінін, сондай-ақ тұтынушылар үшін дұрыс баға мен с апа арақатынасының маңыздылығын атап өтті.

 

Нұрболат АМАНБЕК

Ұқсас жаңалықтар