Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау мәселесі басты назарда
- author «Ақ жол»
- 19 наурыз, 2025
- 618

Мемлекеттік қызметшілердің еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қорғалуға құқығы бар.
Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және оларды қалпына келтіру болып табылады. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Департаментпен қабылданған шараларының нәтижесінде облыс бойынша 65 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды. Мәселен, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес мемлекеттiк қызметшілерге қызметтiк iссапарларға, оның iшiнде шет мемлекеттерге iссапарға баруға арналған шығыстары өтеледi.
Сонымен қатар, еңбек заңнамасында іссапар шығындарын төлеу мерзімдері бұзылғаны үшін тиісті өсімпұлдар төлеу мәселесі көзделген. Департаментпен жүргізілген тақырыптық талдау қорытындылары бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 48 мемлекеттік қызметшіге жалпы сомасы 110 112 теңгені құрайтын тиісті өсімпұл сомалары төленді.
Одан бөлек, еңбек заңнамасында үстеме жұмысқа тартылған мемлекеттік қызметшілерге тынығу сағаттарын ұсыну мүмкіндігі қарастылырған. Осы орайда, жұмыс уақыты режимінің сақталуы бойынша мониторинг жүргізудің нәтижесінде 17 қызметшіге жалпы 19 сағаттан астам демалыс уақыттары берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.
Руслан Шариов,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің амбыл облысы бойынша департаментінің басшысы
Ұқсас жаңалықтар
Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
- 14 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді