Ерлан Ақкенженов Энергетика министрі болып тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 19 наурыз, 2025
- 1.7k
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды», делінген Ақорда таратқан ресми хабарламада.
Ерлан Ақкенженов 1979 жылы дүниеге келген. Алматы қаласының тумасы. «Әділет» жоғары құқық мектебін және «Астана» университетін бітірген. Ол еңбек жолын 2002 жылы жеке меншік ұйымда бас маман болып бастаған.
Ерлан Ақкенженов 2004-2012 жылдары мұнай саласындағы кәсіпорындарда басшылық лауазымдарда болды.
2012-2016 жылдары KPMG International (Rompetrol) компаниясында бас менеджер, трейдинг жөніндегі аға басқарушы директор болып жұмыс істеді.
2022 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының бастығы болып қызмет етті.
Ұқсас жаңалықтар
Көмірден электр энергиясын өндіру қолға алынбақ
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




