Сарысуда «Жаңару күні» аясында 27 мың түп тал отырғызу акциясы басталды
- author «Ақ жол»
- 19 наурыз, 2025
- 1.2k
Шараның басты мақсаты – экологиялық ахуалды жақсарту, өңір табиғатын көгалдандыру және тұрғындарды қоршаған ортаны аялауға шақыру.
Акцияға аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов, «Қазақсода» ЖШС-нің өндіріс саласы бойынша директоры Фаттах Ақсу, Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлбике Сәлімова және «Қазақсода» ЖШС қызметкерлері белсене қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, табиғатты аялаудың маңызына тоқталды. Ол жиналғандарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, елімізге амандық тіледі. Сондай-ақ, «Қазақсода» ЖШС-нің өндіріс саласының директоры Фаттах Ақсу аталмыш шараның мән-маңызын айта отырып, компанияның экологиялық бастамаларға ерекше көңіл бөлетінін жеткізді.
Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, бірігіп тал екті. Бұл – табиғатты қорғау, оны келер ұрпаққа таза әрі жасыл күйінде аманат ету жолындағы игі бастама. Тал егу шарасы алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




