
Іс-шараны облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев пен Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова ашып, Жеңістің мәні мен мазмұнына тоқталды. «Жеңіс күнінің маңызын тілімізбен айтып жеткізу қиын. Осы жеңіс жолында қаншама аталарымыз бен әкелеріміз опат болды. Аналарымыз бен бұғанасы қатпаған балалар тылда бейнет кешті. Сондықтан қазіргі бейбіт күннің бағасы әрқашан қымбат», деді Еркінбек Бейсенбекұлы.
Гала-концертті «Ардагер ұстаздар» хоры Бағдат Алтаевтың «Жеңіс күні» әнімен ашса, Карима Исаева Георгий Рублевтің «Памятник» әнімен жалғады. «Ару аналар» вокалды тобы Гүлнұр Өмірбаеваның «Батыр Бауыржан» әнін жүректерге жеткізсе, Леонид Необьявляющий «Журавли» әнін орындап, көптің ықыласына бөленді. «Асыл ана» тобы орыс халқының халық әні «Ах, Самара городокты», «Калинка» тобы соғыс тақырыбындағы әндерді жоғары шеберлікпен шырқады. Белсенді ардагерлер Баймұрат Жақсыбеков, Сатыбалды Досымбеков патриоттық әндерді ел назарына ұсынды. «Әулиеата» тобы да «Көңіл толқыны» шығармасын сәтті орындап шықты. Ардақ Рысбаева «Біз Отанның солдаты», Аманкүл Ысқақова Мұхиттың әндерін шебер орындады. Ардагерлер квартеті Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» әнін тамаша шырқады. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қазылар алқасы анықтады. Іс-шараны Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова қорытындылап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді